KZ
Өскемен
-4°
снег жел 8 м/с, З
512.81 604.19 6.57

ШҚО-да әлеуметтік осал топтарға арналған нысандардың қолжетімділігі тексерілді

Бүгін, 14:30 57 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік осал топтарға, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 10 объектілеріне халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін нысандардың қолжетімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексерулер қорытындыларымен нұсқамалар беріліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Соңғы жылдары қала инфрақұрылымында елеулі оң өзгерістер байқалады. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігі артты, мемлекеттік ұйымдар, медициналық мекемелер мен қоғамдық кеңістіктер бейімделді. Мұның барлығы біздің күнделікті өмірімізді жеңілдетіп, қажетті қызметтерді кедергісіз алуға жағдай жасап отыр», – деді Өскемен қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Айнұр Қалиева.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері еліміз бойынша әлеуметтік инспекторлар 1 371 тексеру жүргізді, оның 466-і жоспардан тыс, 558 – профилактикалық бақылау аясында, 347 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 704 ұйғарым берілді, 79,7 млн теңгеден астам сомаға 349 айыппұл салынды.

Мемлекеттік бақылаумен қамтылғандар: мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 273, денсаулық сақтау нысандары – 170, білім беру – 228, әлеуметтік қорғау – 315, мәдениет – 56, спорт – 55, көлік инфрақұрылымы – 44, қоғамдық тамақтану – 26, сауда – 93, қаржы қызметін көрсету 24 және басқа да нысандар – 87.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу