KZ
Өскемен
+5°
туман жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам көз жұмғаны айтылды.

16.01.2022, 14:07 194
«Республика бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар саны 38 мыңға дейін күрт өсті. Күш қолдану арқылы Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облысы әкімдігі ғимараттары басып алынды. Алматыдағы қарулы қақтығысқа қатысқандар саны 20 мыңнан асты. Террористердің әрекеттері бір орталықтан басқарылған деп айтуға болады. Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қазақ тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі – террактілерге қатысқан бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар. Аталған деректер алдын ала сипатта. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен әрбір факт мұқият тексеріледі. Нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», – деді ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив