KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы жолаушылар тасымалы: қызмет пен сапа қандай?

22.03.2023, 15:20 249 Мадина Амангелдіқызы

Өңірде «Өскемен-1-Алтай» және «Өскемен-1-Риддер» бағытындағы әлеуметтік маңызы бар жолаушылар пойызы қатынайды. Халықтың көпшілігі осы бағыттағы пойыздардың қызметіне жүгінеді. Мұндағы қызмет пен сапа қандай?

Бұл бағыттағы теміржол көліктері облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастамасымен 2016 жылдан бері қызмет етуде, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Жазғы кезеңде «Өскемен-1-Алтай» теміржол бағыты аптасына 3 рет, яғни сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері жүреді. Маршрут бойынша 5 вагонда 386 орындық қамтылған. Егер, жолаушылардың саны артқан жағдайда қосымша вагон шығаруға мүмкіндік бар. Ал, күзгі-қысқы кезең бойынша бұл бағыттағы теміржол бағыты аптасына 3 рет сәрсенбі, жұма, сенбі күндері жүреді. Маршрутта 3 вагон бойынша 205 орын бар. Жол жүру ақысы жалпылама билетте 800 теңге болса, плацкартқа арналған билет құны - 1570 теңге.

Ал  «Өскемен-1-Риддер» бағытындағы пойыз жолы 3 сағаттық уақытты қамтиды. Жолаушылар пойыздың жедел қызметі мен тиімділігіне риза. Олар көрсетіліп жатқан қызмет үшін алғыстарын білдіруде. Мәселен, Людмила Линниктің бұл бағыттағы пойыз қызметі тоқтамаса деген тілегі бар.

«Өскемен-1-Риддер» теміржол бағыты аптасына 4 рет, яғни сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды. Маршрут бойынша 4 вагонда 310 орындық бар. Жол ақысы - 515 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу