KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Ұлан ауданының әкімі ауысты – ШҚО

28.04.2023, 18:26 903

Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ұлан ауданының әкімі болып Думан Рахметқалиев тағайындалды. Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев таныстырды.

Думан Рахметқалиев – жас әрі тәжірибелі маман. Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы, Ахмер ауылының тумасы. "Экономика" мамандығы бойынша Прага халықаралық университетін, сондай-ақ Қазақстан-Американ Еркін университетін "Құқық магистрі" біліктілігі бойынша тәмамдаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласының "Теплоэнергоснаб" ЖШС экономисі қызметінен бастады. Астана қаласы "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою отряды» КММ-де жұмыс істеді. Қатардағы қызметкерден "Ертіс" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасарына дейін көтерілді. 2020 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасын басқарды.

Жаңа әкімнің алдында маңызды экономикалық міндеттер тұр. Ауданда тантал, ниобий және литий өндіретін, инвестиция көлемі 165 млрд теңге болатын байыту кешенінің құрылысы жүргізілмек. Сондай-ақ қорлар расталған жағдайда Ұлан ауданында сподумен концентратын (25 мың тонна) және литий карбонатын (жылына 4 мың тонна) өндіретін тау-кен байыту фабрикасын ашу жоспарлануда.

  Агро және әлеуметтік секторда маңызды жобалар бар. Жаңа әкім Қасым Қайсенов кентіндегі 150 келушіге арналған емхана құрылысы жобасының іске асуын жіті бақылауы және Таврия мен Бозанбай ауылдарында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауы қажет. Аудан активінің отырысында Думан Рахметқалиев ауданды көркейтуге барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенімді ақтап, қойылған міндеттерді орындайтындығына сендірді.         

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив