KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

3.04.2020, 11:00 248

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің жағадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл лауазымға Сматлаев Алмасхан Бауыржанұлы тағайындалып отыр.

Осыған дейін Алмасхан Сматлаев ШҚО әкімінің экономика және қаржы мәселесі бойынша орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Алмасхан Бауыржанұлының төрт жоғары білімі бар. 011 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Блумгер универси

Пенсильваниядағы Блумгер Университетінде халықаралық экономика бакалавры дәрежесін алды.

2012 жылы Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде қаржы және несие мамандығы бойынша оқыды.

2015 жылы - Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде "Мемлекеттік және муниципалды басқару" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2009 жылы Мәскеудегі "Корал Групп" ЖШС бас директорының орынбасары ретінде бастаған. 2011 жылғы қарашада ол OOO Service and Technologies INVEST бас директоры болып тағайындалды. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым министрі - кеңес мүшесі, кеңес хатшылығынан кейін кеңесші болып жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап облыс әкімдігінде жұмыс істеді, облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарды.

2018 жылдан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған Ержан Ахтанұлы Нұрбаев облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив