Мамыр мерекесінде майдангердің көшесі жөнделіп жатыр
Зайсанның Біржан ауылында майдангер есіміне берілген орталық көшеге асфальт төселіп жатыр.
Отты жылдарда кеудесін оққа тосқан соғыс ардагерін ауылдастары әрқашан мақтан тұтады. Бұл – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отанын қорғаған даңқты сарбазға көрсетілген кезекті құрмет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатқан жолдың сапасы, ені мен асфальттың қалыңдығы ауыл тұрғындарының жіті назарында.
Өз кезегінде біржандықтар қауымдастық атынан жауапты мердігерге аз уақыттағы сапалы да тындырымды жұмыстары үшін алғыс айтуда.
Еске салайық, Біржанда бұған дейінгі жылдарда әрбір Жеңіс мерекесінде майдангер атындағы көше бойында ауылдан шақырылған Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған еңселі монумент, демалыс саябағы мен балалар алаңы салынған болатын.