Биыл 13 көшеге асфальт төселеді – Аягөз
Ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, Аягөз ауданы бойынша 13 көшеге асфальт төсеу жоспарланған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аягөз ауданы бойынша жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы- 411 шақырымды құрайды. Ал, Аягөз қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 108 шақырым.
- 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 13 көшеге асфальт төсеу жұмыстары іске асырылуда. Ал, келер жылы асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған 18 көшеге қиыршық құм-тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Ақшәулі, Ақтоғай, Баршатас, Емелтау ауылдық округтерінің 7 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асырылуда, - деді ауданы әкімдігі.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Ақши, Сарыарқа және Тарлаулы ауылдарына жалпы 410,7 млн. теңге, жолды асфальттау жұмыстары іске асырылып жатыр.