KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Шекарадағы ауылдағы 70 үйге су тартылды - ШҚО

21.12.2021, 16:09 138

Катонқарағай ауданындағы Солоновка ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды.

Орталық ауыз суға ауылдағы медициналық пункт, мектеп, тойхана және жетпістен астам жеке үйлер қосылды.

- Солоновка ауылына ауыз су тарту үшін бюджеттен 578 млн 294 мың теңге қарастырылған. Су құбырының жалпы ұзындығы 19,6 шақырым, - дейді Солоновка ауылдық округінің әкімі Марат Елеусізов. - Солоновка ауылында барлығы 182 тұрғын үй бар, соның 70-іне су тартылды. Алдағы уақытта басқа үйлерді де таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Ауылдық округте халық саны 1540 адам болса, Солоновка ауылында 820 адам тұрады.

- Алдағы уақытта ауылда атқарылар шаруа көп. Келер жылдарға тоғыз әлеуметтік жоба бойынша бюджеттік өтінім берілді. Оның ішінде Солоновка ауылындағы екі көшеге 1200 және 600 метрге, ал Малонарым ауылындағы екі шақырымдық бір жолға асфальт төсеу және Солоновка ауылындағы 140 көше шамын ауыстыру, жаңа 20 шам орнатуға өтініш берілді, - дейді Марат Шакарұлы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив