KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Литрі 75 теңгеден. Катонқарағайда сүт жинау науқаны қайта басталды

21.05.2020, 03:20 135

Катонқарағай ауданында 13 мамырдан бастап Өскемен қаласының "Молочный экспресс" ЖШС-нің өкілі Үлкен Нарын, Көкбастау, Солоновка, Малонарым және Алтынбел ауылдарынан сүт жинауды бастады.

Биыл ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарынан сүт сатып алу көлемін 1600 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Аталмыш межені орындау үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндіктеріне және сауылатын сиырлардың санына сүйене отырып, Үлкен Нарын өңірінің әр ауылдық округіне нақты тапсырма-жоспарлар берілді.

Ново-Поляковка ауылдық округінің жеке қосалқы шаруашылықтарынан сүт жинау жалғасуда.

Бүгінгі күні Алтай ауданындағы "Турайда" ЖШС 379 сауынды сиыры бар 194 жеке шаруашылықтардан 67 тонна сүт сатып алды. Үлкен Нарын ауылында "Бураново" шаруа қожалығының базасында "Молочный экспресс"ЖШС-нің сыйымдылығы 3 тонна сүт-қабылдау пункті (танк-салқындатқыш) жұмыс істейді.Сонымен қатар,"Молочный экспресс" ЖШС-і балансында сүт тасушы автокөлік бар, оның сыйымдылығы 1,2 тонна. Аталған кәсіпорын Үлкен Нарын, Көкбастау, Солоновка, Малонарым, Алтынбел елдімекендерінен литрі 75 теңгеден сүт сатып алады. Өткен жылдардағыдай, Көкбастау ауылының тұрғындары сүт тапсырудың көшбасшысы болып отыр. Шағын елдімекенде 42 аула бар. 240-тан астам сауын сиырлары бар бұндағы жеке қосалқы шаруашылықтардың иелері таңғы және кешкі сауындардан күн сайын 800-850 литр сүт тапсыруда.

Биылғы жылы Алтынбел ауылындағы қосалқы шаруашылықтар иелері сүт тапсыруға белсенді түрде қосылды. Сүт тапсырушылар Оралхан Жеңісқұл, Мұқай Жеңісқұл, Сейілқан Ырысқұл және т.б. күнделікті 25- 40 литрден сүт тапсырады. Алтынбел ауылындағы "Бейылхан" шаруа қожалығының басшысы Қыбылайхан Оралхан сүтті сатып алған сәттен бастап, Үштөбе ауылының манында орналасқан "Атей" шалғайдағы учаскесіндегі шаруашылығынан күнделікті өзінің жеке көлігімен жеткізіп, 70-80 литрден астам сүт тапсырып отыр. Сүт тапсырушылырдың қатарына Үлкен Нарын ауылының "Бураново" шаруа қожалығының басшысы Алқанова Шынар және "Азат" шаруа қожалығының басшысы Жақсыбаев Мейірхан да қосылып, күнделікті 40-100 литрден сүт тапсырып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив