KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да кадет сыныбы ашылды

20.12.2021, 16:40 179

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісова атындағы орта мектебінде "Жас сақшы" кадет сыныбының салтанатты ашылу іс-шарасы өтті. Ашылу рәсіміне ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Қанатұлы Унарбеков, Көкпекті ауданының әкімі Раджан Қайырханұлы Сейтқанов, аудан әкімінің орынбасарлары Жасұлан Талғатұлы Майкенев, Марат Қапарұлы Теміржанов, мәслихат хатшысы Талғат Манатұлы Сарманов, ІІО ардагерлері Қайрат Алғазынұлы Алғазинов, Сайдрақым Бағиларұлы Файзуллин, Көкпекті ауданының ПБ басшылығы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты. Сынып 16 оқушыға арналған.

Бұл сыныптың ашылуы бірінші кезекте балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарының рөлін арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталған.

Салтанатты рәсім әнұранды орындаудан басталды, содан кейін кадет сыныбының оқушылары өз шеберліктерін, саптық даярлықтарын және арнайы дайындалған музыкалық нөмірлерін көрсетті. Іс-шара куәліктер табастаумен және ант қабылдаумен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив