Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады
Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады.
Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов хабарлады.
"Біржолғы зейнетақы төлемдерін тағы бір мақсатта қолдануға болады. Енді БЗТ арқылы жер учаскесін сатып алуға болады. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке үй телімі болуы керек", - дейді Ақшанов.
Оқи отырыңыз