KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мас күйде көлік жүргізіп, ұсталды – Семей

14.12.2021, 16:06 248

Желтоқсан айының басында Семей қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері елорданың 29 жастағы тұрғынының басқаруымен "Kia" автокөлігін тоқтатты.

Тексеріс барысында көлік жүргізушінің 2019 жылдың қаңтарынан бастап 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды және «орташа» мас күйінде болған.

«Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды,» - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері асталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу