KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Шығыс Қазақстан – Ресейдің жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі

9.11.2023, 13:27 277 Оразай Жеңісұлы

Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев РФ Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенкомен кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан – Ресейдің жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Мәселен, биылғы сегіз айда қос тараптың өзара сауда айналымы 927 миллион АҚШ долларына жеткен.

Кездесуде екі өңір үшін де маңызды сала – марал және ара шаруашылығындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Құс шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу екі жақтың өкілдерін де қызықтырады.

– Біз бәсекеден гөрі, бірлесіп әрекет етіп, жұмыс тиімділігін арттыру жағын ойлауымыз керек. Мәселен, Шемонаиха ауданында тауар қоймасын ашуға болады. Бұл ресейлік кәсіпкерлерді қызықтыруға тиіс. Өйткені аталмыш қоймада тауарды үш ай бойы кеден рәсімінсіз сақтауға болады. Сондай-ақ логистиканы да жолға қою керек, – деді ШҚО әкімі.

Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің мәдени-гуманитарлық салада да  ынтымақтастығы мығым. Мұның айқын дәлелі – «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесінің жұмысы. Бұл бағытта бірлескен жобалар да көп. Соның бірі – «Ұлы дала алтыны». Бұл жоба аясында өңірдегі қазба жұмыстары барысында табылған бірегей археологиялық жәдігерлермен әлем халқы танысты. Бұл сөзімізді Қазан қаласында өткен көрме дәйектейді.

– Екі елдің қарым-қатынасы ежелден тығыз, – деді Виктор Томенко. – Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастығымыз бұдан әрі дами түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив