Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптейтін байқау өтіп жатыр - ШҚО
Бүгін Өскеменде "Мәңгілік ел - болашаққа ұмтылған ел" облыстық байқауы өтіп жатыр.
Ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған байқауға өңіріміздің барлық ауданынан жиналған 160-тан астам дарынды жастар қатысып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық байқаудың алғашқы кезеңінде команда жетекшілері эссе жазса, қалған оқушылардың Қазақстан тарихы пәні бойынша білімдері сыналды. Ал екінші кезеңде "Сүйінші", "Айтыс", "Сал-серілік", "Киіз басу", "Асар" тағы да басқа сахналық қойылымдарын көрсетуде.
Қазылар алқасының бағалауынан кейін байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, сыйлықтармен марапатталады.
Айжанат Бақытқызы