KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

ШҚО: "Мәңгілік ел - болашаққа ұмтылған ел" байқауының қорытындысы шығарылды

16.12.2022, 13:46 635 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» байқауының қорытындысы шығарылды.

Балалар жылына арналған өңірлік байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Байқаудың мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының даму деңгейі жоғары қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.

2 кезеңнен тұратын байқау халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде өткізілді.

«Бірінші кезең барысында әрбір қатысушы Қазақстан тарихы бойынша тестілеуден өтіп, команда капитандары "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" тақырыбында эссе жазды. Ал, екінші турда командалар қазақстандық және шетелдік әдебиет туындылары бойынша театрландырылған қойылым ұсынды», - дейді ұйымдастырушылар.

Қатысушыларды жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, атқарушы билік органдарының, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен тұратын құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасының пікірінше, барлық командалар байқауға жоғары дайындықпен келген.

Жалпы командалық есепте бас жүлдені облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының командасы қанжығасына байлады.

І орынды Алтай ауданының командасы жеңіп алды. ІІ орынды дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей бөлісті. Ал жүлделі ІІІ орында үш команда: Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі, Өскемен қаласы дәне Самар ауданы.

 Жүлделі орындарға ие болған командаларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив