Білім саласында үлкен өзгерістер орын алып жатыр - білім министрі
Биыл “Келешек” бағдарламасы жүзеге асырылып, бастапқы білім беру капиталы ретінде есеп-шоттар ашыла бастайды.
Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Айта кету керек, қазір облыс орталығында ғылым және жоғары білім министрінің өңір тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр.
Министрдің айтуынша еліміздегі демографиялық өсімді ескерсе, алдағы жылдары жастардың көбін грантпен қамту мүмкін болмайды.
“Келешек” бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие және сараланған гранттар қарастырылған. Аталған бағдарлама аясында келесі жылдан бастап есеп-шоттар ашыла бастайды.