2024 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады
Фото: qaz-media.kz
Елімізде келер жылы балалардың оқуына ақша жинауға мүмкіндік беретін «Келешек» бағдарламасы жұмыс істей бастайды.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Бүгінде «Келешек» бағдарламасына заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр. Білім туралы, жинақтаушы жүйе және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Банктер әлі анықталған жоқ, олар бағдарламаның серіктесі болады. Жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие банктер болатыны түсінікті. Сонымен қатар қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ұлттық банктің өз талаптары болады, — деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр бірнеше банк аталған бағдарламаның серіктесі болады деп болжап отыр.
Оқи отырыңыз