KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

ЖОО-ларда өтініш қабылдау басталды. Қосымша 5 мың грант қалай беріледі?

18.07.2019, 09:34 217

Қазақстанда білім гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау жүріп жатыр. Биылғы оқу жылына қосымша бес мың грант бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

– 13 шілдеден бастап өтініш қабылдау басталды. Алғашқы төрт күн ішінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден 28 430 өтініш келіп түсті. Қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен жоғары білімді кадрларды даярлауға барлығы 53 785 грант бөлінді.

– Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде беретін қосымша бес мың грант бөлінді, — деп толықтырды білім министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив