KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жоғалған әскери билетті қалай тез қалпына келтіруге болады

23.09.2021, 14:33 315

   «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалының өкілдері әскери билетті жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру керекігін хабарлады. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады.

Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Қызметтерге онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою қажет болатын арнайы өтінімді толтырасыз.
Қызмет тегін, қызмет көрсету мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін.

- Егер сіз «Әскери билетті» ХҚО арқылы қалпына келтіруді шешсеңіз, онда сізге құжаттар тізбесін жинау қажет болады. Қандай құжаттар қажет екенін ХҚО кеңесшілерінен немесе 1414 нөмірі бойынша білуге болады. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні, - деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызмет. 

ХҚО-ға жүгінген кезде, өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек. Сондай-ақ фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда толық көлемде түсірілуі тиіс, адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу