KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ХҚО мамандары тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарудың тәсілін көрсетті - ШҚО

14.05.2021, 16:45 312

Қазіргі таңда тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару өзекті мемлекеттік қызмет, сондықтан ХҚО мамандары өскемендіктерге бұл қызметті тез әрі ыңғайлы нұсқаларын ұсынды.

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады.

Біріншісі, eGov.kz электронды порталы арқылы. Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табу қажет. Қызметті онлайн сұрау батырмасын басып, мекенжай деректерін растаңыз. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз. Содан кейін, бір реттік смс-пароль немесе ЭЦҚ көмегімен сұрауға қол қою қажет. Нәтижесі порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады. Ал, егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар міндетті түрде сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау қажет.
Екінші нұсқа – ол Халыққа қызмет көрсету арқылы. Ол үшін, алдымен ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келу қажет. Тіркеуден шығаратын адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазу қажет. Бес минуттан кейін тіркеуден шығарылады. Бастысы, қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

«Келу уақытын алдын ала eGov.kz электронды порталы, Telegram бот EgovKzBot2.0, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы брондауға болады», - деп еске салды «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Заруетқызы. 

Естеріңізге сала кетейік, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) және телефон нөміріңізді тіркеу бүгінде қашықтықтан алуға болады. Екі жағдайда да онлайн қолжетімді.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу