KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келді ме?

17.01.2020, 21:24 219

Телефоныңызға Электронды цифрлы қолтаңбаңыздың әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келген болса, онда сізге келесі ақпарат өте пайдалы болмақ.

SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, жарамдылық мерзімін тексеру керек. Жеке кабинетке интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша ауысуға болады.

Ары қарай төмендегі алгоритм бойынша әрекет ету қажет:

✅ Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

✅ «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін (паролін) дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

✅ ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

❗ Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзімі әлі аяқталмаған жағдайда өтінімді онлайн беруге болады.

✅ Бұдан әрі негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

✅ Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшін сіз компьютерді таңдасаңыз, өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

❗ Құпия сөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

✅ «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тіркеу куәліктерін сәтті орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзарту да, оны жаңадан рәсімдеу де тегін қызмет екенін естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу