2024 жылдың басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Gov.kz
2024 жылдың басынан бері 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ оралған,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері елге келген қандастардың басым бөлігі келесі елдерден:
- 45,9% – Қытай;
- 39,2% – Өзбекстан;
- 5,8% – Моңғолия;
- 5,2% – Түрікменстан;
- 2,8% – Ресей;
- 1,1% – басқа елдер.
1 қарашадағы дерек бойынша этникалық қоныс аударушылардың құрылымы:
- 57,4% – еңбекке қабілетті жаста;
- 33,2% – еңбекке қабілетті жастан кіші;
- 9,4% – зейнеткерлер.
Еңбекке қабілетті қандастардың білім деңгейі:
- 17,8% – жоғары білімді;
- 24,8% – орта кәсіби білімді;
- 54,4% – жалпы орта білімді;
- 3% – білімсіз.
Қандастар республиканың әртүрлі өңірлеріне қоныстанды. Әсіресе, еңбек күші тапшы өңірлерге ерекше назар аударылуда. Бұл өңірлер:
- Ақмола;
- Абай;
- Қостанай;
- Павлодар;
- Шығыс Қазақстан;
- Солтүстік Қазақстан облыстары.
2024 жылға осы өңірлерге қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 1 қарашадағы жағдай бойынша 2 841 қандас қоныс аударды.
Қоныстанған қандастарға келесі мемлекеттік қолдау ұсынылады:
Көшуге субсидия:
Отағасына және отбасының әр мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге);
Тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге төлемдер:
Бір жыл ішінде 15-30 АЕК (55,3-110,7 мың теңге).
Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Бұл жоба елге бармай-ақ, мәртебе алуға және жұмыс орны мен тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жаңа форматта 21 166 өтініш қабылданған.