KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 7 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

19 мыңнан астам адам Қазақстанға оралды

pixabay

24.12.2023, 19:00 6 879 Назерке Каримова

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,9%) Өзбекстаннан, 19,6% – Қытайдан, 10,8% – Моңғолиядан , 8,5% – Түрікменстаннан, 7,2% – Ресейден және 2% басқа елдерден.

- Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды, - деп хабарлады министрліктегілер. - Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 33,6%-ы орта кәсіби білімді, 42,8%-ы жалпы орта білімді, және 8,3% білім жоқ.

Көшіп келген этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Әсіресе Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары сынды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстандырылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу