Биыл 12 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды
gov.kz
Жыл басынан бері 12 325 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 140,7 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Қытайдан, 39,2% – Өзбекстаннан, 5,5% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 3,1% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 1948 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 551 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.