KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СБ
525.11 546.74 4.88

Алтай ауданында қар көшкіні түскен тас жол қайта ашылды

3.01.2025, 10:00 262 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Алтай ауданында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 62-ші шақырымында қар көшкіні түсті. Бұл жағдай жауын-шашынның көп мөлшері мен желдің күшеюінен туындаған. Қар көшкіні көлемі шамамен 1300 текше метрді құрады.

Зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ. Алайда көшкін тас жолды жауып тастады. Қазіргі уақытта жол «КАЖсервис» ЖШС-нің күшімен төрт техника арқылы толығымен тазартылып, қайта ашылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарға шығудың қар көшкіні қаупі бар екенін ескертіп, жеке қауіпсіздік үшін ведомство ұсынымдарын қатаң сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу