KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

«Өскемен-Тарғын-Самар» тас жолы жабық

pixabay.com

11.02.2024, 13:10 164 Назерке Каримова

Автожолдың 132 шақырымында қар көшкіні жүріп, жолды қар басып қалды.

Осыған байланысты көлік қощзғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 11 ақпанда сағат 11.30 Самар ауданында, облыстық маңызды "Өскемен-Тарғын-Самар” автожолының 132 шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне  байланысты жалпы көлемі 1300 м3 қар көшкінінің өздігінен түсуі орын алды.

Зардап шегушілер мен қираулар орын алған жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. "Облшығысжол" ЖШС-нан 2 адам және 2 бірлік техникамен жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазарту жұмыстарына байланысты сағат 13.00-ден бастап Тайынты мен Самар ауылдары арасындағы жолда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Аталған орында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері тұр. Посттар қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу