KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СШ
499.11 521.12 5.58

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa (видео)

Бүгін, 09:30 120 Гульжан Мусина
 
«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуға тиіс. Еліміздің әр өңірінде көрікті жерлер бар. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет».
Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының Президенті

Елдегі туризм саласында іске асырылып жатқан жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанға келетін туристер саны да, әлемдік рейтингтегі орнымыз да айтарлықтай жақсарып келеді. Мәселен, Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел ішінде 52-орындыиеленді. Бұған дейінгі индексте Қазақстан  66-орынға орналасқан еді.

Ал былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақкелген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді. Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн.

 Ұлттық банк мәліметінше, алыс шетелден келген туристер Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсайды. 2024 жылы шетелдік туристер еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады.

 Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқауға болады. 2019-2024 жылдар аралығында салаға салынған инвестиция көлемітөмендегідей:

  • 2019 ж. – 502 млрд тг
  • 2020 ж. – 629 млрд тг
  • 2021 ж. – 593 млрд тг
  • 2022 ж. – 513 млрд тг
  • 2023 ж. – 787 млрд тг
  • 2024 ж. – 947,5 млрд тг

2019-2024 жылдар аралығында туризм саласында жалпы сомасы 550 млрд теңгеге 605-тен астам инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы 87 инвестициялық жобасәтті аяқталды.

Ірі инвестициялық жобалар ішінен Шымкент қаласындағы «Махамбет» қонақ үйін (жоба құны – 4,9 млрд теңге), Атырау облысындағы «Keremet Park»отбасылық паркін (3 млрд теңге), сондай-ақ Алматы облысындағы «Ақ-Жайық» демалыс аймағын (1,8 млрд теңге) атап өтуге болады.

Сонымен қатар былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа визатүрі енгізілді. Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режимді енгізер кезде пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті қолданған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі назарға алынған.

Neo Nomad визасын алған шетелдік туристердің Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл туристерге еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ел экономикасына пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды. Бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл – бағдарламаның маңызды бөлігі.

Жалпы Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық аренада табысты насихатталып келеді. The New York Times нұсқасы бойынша Алматы қаласы үздік 52 туристік бағыттыңқатарына енсе, Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне кірді. Бұдан бөлек, Conde Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдаулы ТОП-5 дестинация тізіміне қосты.

Сонымен қатар CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.

Алдағы жылдары Қазақстан туризм саласын дамытуды қарқынды түрде жалғастырып, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асырады.

Басым бағыт ретінде үш ірі туристік аймақ белгіленді, олар: Щучье-Бурабай курорттық өңірі, Маңғыстау курорттық өңірі және Алматы тау кластері.

2027 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жоба іске асырылады. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға дейін арттырып, агротуризмді дамыту есебінен ауылдық жерлерде 10 мың жаңа жұмыс орнынашу жоспарланған.

Ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізіп, елдегі орналастыру орындарының төсек-орын қорын 280 мыңға дейін ұлғайту, сондай-ақ барлық қонақ үйді eQonaq ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген.

Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту жаһандық индексінде әлемнің үздік 50 елі қатарына кіруді мақсат етіп отыр.

Бұл бастамалар елдің халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтып, саяхатшылар, бизнес және жергілікті қауымдастықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу