KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде орнын жақсартты

Фото: gov.kz

23.05.2024, 17:51 152 Айжанат Бақытқызы

Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
 
Айта кетейік, бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66 орынға орналасқан еді.
 
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміз мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: 

  • бағалық бәсекеге қабілеттілік (2 орын);
  • туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5);
  • денсаулық сақтау және гигиена (23);
  • табиғи (30) және мәдени ресурстар (48);
  • адами капитал мен еңбек нарығы (43);
  • туристік инфрақұрылым мен сервис (47).

 
Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.

«Күн өткен сайын Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз ұстанымын сенімді түрде бекітіп келеді. Біздің туризм индустриясын сапалы дамытуға деген ұмтылысымыз, әсіресе, баға бәсекесіне қабілеттілік, қызмет көрсету сапасы және әлеуметтік-экономикалық әсерді қоса алғанда, әртүрлі критерийлер бойынша рейтингті жақсартуда көрініс тапқан. Бұл елімізде туризмді дамыту үшін қолайлы орта құру бағытындағы маңызды қадам»,- деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу