Енді Қазақстанға келген шетелдік туристер салық төлемейтін болды
Фото: tadviser.ru
Былтыр қаңтардан бастап елге келген туристер «туристік жарна» деп аталатын салық түрін төлеп келген болатын. Бұл туризм, қонақ үй бизнесімен айналысатын көптеген кәсіпкерлердің өзіндік наразылығын туғызған еді.
Бұдан былай шетелдік туристер «туристік жарна» төлемейтін болды. Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанда "туристік жарна" алып тасталды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
-
Биылдан бастап шетелдік туристер елде болғаны үшін салық төлеуден босатылады. Желтоқсанның аяғында күшіне енген бұйрық мөлшерлемені "болу құнының 0 пайызы" деңгейінде белгіледі.
Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.
Жанаргүл Мұқатай