Қазақстан халқының саны 20,3 миллион адамға жетті

pixabay.com
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 316 155 адамды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Халықтың басым бөлігі – қалаларда тұрады. Қалалық тұрғындардың саны 12 813 769 адам болса, ауылдық жерлерде 7 502 386 адам өмір сүруде. Яғни, ел халқының шамамен 63%-ы – қалалықтар, ал 37%-ы – ауыл тұрғындары.
Гендерлік құрам бойынша әйелдер саны ерлерден көбірек. Елде 10 388 760 әйел және 9 927 395 ер адам тұрады.
Оқи отырыңыз