KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
504.34 556.34 5.97

ШҚО-да әйелдер саны ерлерден 30 мыңға көп

Фото: caravan.kz

1.04.2025, 10:30 159 Әбішев Ержан

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың басындағы облыс халқының санын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың басында Шығыс Қазақстан облысының халқы 723 967 адамды құрады. Оның 346 997-сі – ер адамдар, ал 376 990-ы – әйелдер.

Өңірде 161 мыңға жуық бала мен жасөспірім, 414 мыңнан астам еңбекке жарамды тұрғын, 148 мыңнан астам зейнеткер бар.

Облыс халқының жартысына жуығы – 378,1 мың адам Өскеменде тұрады. Алтай ауданы (59,3 мың адам) және Глубокое ауданы (55,8 мың адам) халық саны бойынша екінші және үшінші орында.

Халқы ең аз аудан – Марқакөл, мұнда небәрі 6,7 мың адам тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу