ШҚО-да білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде
Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 647 мемлекеттік мекеме тексерілді. Оның ішінде 154 қалалық, 493 ауылдық. 647 мектептің: 44 - бастауыш, 112 - негізгі орта, 491-жалпы білім беретін орта мектептер.
Бұл туралы ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.
Облыс бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 мектеп және үш ауысымды мектептерге көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды.
- Қазіргі облыс әкімдігінде мәселені шешу бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде апатты деп танылған мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылысы басталады. Барлық мектептерде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау ұйымдары лицензия негізінде немесе шарт негізінде көрсетеді. Мәселен, 647 мектептің 410-ы (63,3%) медициналық қызмет көрсету лицензиясына ие. 223 (34,4%) мектеп денсаулық сақтау ұйымдарымен келісімшартқа отырған. 14 мектеп медициналық қызмет көрсету лицензияларына ие және денсаулық сақтау ұйымдарымен келісімшарт жасаған, - деді ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова