KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 4 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы өзгеруі мүмкін

Фото: pixabay

9.06.2025, 09:00 192 Ержан Әбіш

ҚР Қаржы министрлігі бұйрық жобасын жариялады. Онда темекі түрлерінің барлығының бағасы өсетіні жарияланған, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.  

Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, ал қоғамдық талқылау 19 маусымға дейін жалғасады.

Баға өзгерісі келесі өнім түрлеріне қатысты болады: сүзгісі бар және сүзгісіз темекілер, папиростар, сигариллалар, қыздырылатын темекі өнімдері.

Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер салық және баға саясатын тиімді жүргізуге, сондай-ақ қоғам денсаулығын жақсартуға бағытталған, нақтырақ айтқанда — темекі тұтынуды қысқарту мақсатында қолға алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу