Шілдеде темекі бағасы қымбаттайды
1 шілдеден бастап елімізде темекі бағасы қымбаттайды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған қаржы министрінің бұйрық-жобасында жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
- 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллалар мен қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
- 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 710 теңге;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін», делінген бұйрық-жобасында.
Министрлік түсіндірмесіне сай, темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағаларының өсуіне мыналар себеп:
- 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14% көтерілді;
- импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% өсті;
- темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенді;
- 2022 жылы инфляция 20,3% құрады.
Құжат 19 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.