ШҚО-да темекі 22 пайызға қымбаттады
Фото: stan.kz
Елімізде темекі бағасы бір айда 2,1%-ға және бір жылда 20%-ға артқан.
Шығыс Қазақстан облысында темекі бағасы 22 пайызға өсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ең жоғарғы өсім Ақмола және Қостанай облыстарында байқалады. Онда темекі бағасы 4,8 және 4 пайызға артқан.
Темекі қымбаттаған өңірлерде Атырау облысы да бар.
Жылдық динамика бойынша, темекі Қостанай облысында 27,9% қымбаттаған. Одан кейінгі орындарға Батыс Қазақстан (24,6%) және Жетісу (23%) облыстары тұрақтады.
Шығыс Қазақстан төртінші орында. Онда темекі бағасы 22% артқан.
Ең төменгі өсім Қызылорда облысында (15,8%) байқалды.
Оқи отырыңыз