Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен кездеседі

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бүгін, 9 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында елордада Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Кездесуі жергілікті уақытпен 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған ойында бас төреші қызметін Филип Глова атқарады. Оған отандастары Даниэль Полачек пен Питер Беднар көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі – Питер Кралович.
Екі құрама бұған дейін 2021 жылдың 4 маусымында жолдастық кездесу өткізген еді. Аталған ойында қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн.
Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды. Әзірге отандастарымыз турнир кестесінде үш ұпаймен 3-орында тұр.
Ал Солтүстік Македония құрамасы үш ойында 5 ұпай жинап, турнир кестесінде 2-орында келеді. Олар алдымен Лихтенштейнді (0:3) жеңіп, одан кейін Уэльс (1:1) пен Бельгиямен (1:1) тең түсті.