KZ
Өскемен
-42°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Қазақстан жастар құрамасы Шотландиядан басым түсті

Фото: Sports.kz

16.10.2024, 11:00 246 Төлеуғазы Жансая

Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынында Шотландиядан басым түсті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы орталық стадионда өткен матчта қазақстандық жастар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Денис Мамоновтың шәкірттері Айбар Абдулла, Әділбек Жұмаханов, Ян Труфанов мергендік танытты.

Қазақстандық жастар В тобында тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде алты құрама арасында бесінші орынға жайғасты. Ал Шотландия 16 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу