KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Алимент төлемей, қашып жүрген 200-ден астам шығысқазақстандыққа іздеу жариянды

18.08.2021, 09:59 298

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алимент төлемей, қашып жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтап жатыр.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері сот орындаушылардан алимент бойынша борышын өтемеген 200-ден астам азаматты анықтады.

- Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Семей қ.ПБ Көші-қон қызметі бөліміне 1982 жылы туған, кәмелетке толмаған баласын асырау үшін ¼ алимент төлемеген азаматқа іздеу жариялау туралы сот ұйғарымы келіп түсті. Бұл азамат қысқа мерзім ішінде Семей қаласында тұратыны анықталды. Қаражатты өндіріп алу үшін материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды,- деді ШҚО ПД Көші-қог қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. 

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу