KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Әкесі баласына 700 мың теңге қарыз - Аягөз

19.11.2021, 14:08 249

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Аягөз қаласы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөліміне өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлемей жүрген 34 жастағы алимент төледен жалтарған азаматқа іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Әкесінің баласына 700 000 теңге қарызы жиналып қалғаны белгілі болған.

- Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру ісін ашпай, құқық бұзушының Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтады. Азаматқа қатысты жиналған материал ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 300-ден астам алимент төлемеген анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу