KZ
Өскемен
-18°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
514.31 603.03 6.4

Еліміздің әншілері Қытайда өткен ШЫҰ фестиваліне қатысты

8.07.2025, 19:00 271 Ержан Әбіш

Қытайдың Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері мәдениет министрлерінің 22-ші отырысы аясында өнер мен жастар әндерінің халықаралық фестивалі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ШЫҰ елдері арасындағы мәдени байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және жастар арасындағы достықты дамыту, деп хабарлайды Altainews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Фестивальге Қазақстан атынан дарынды жас орындаушылар, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары Садраддин Болат (SADRADDIN) пен Рухия Байдүкенова қатысты. Олардың өнері Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің айқын көрінісіне айналды.

Фестивальдің ашылуы жастар ән кеші форматында өтті. Онда ШЫҰ елдерінің әртістері эстрададан бастап, джаз, опера және аспаптық музыкаға дейінгі түрлі жанрларда өнер көрсетіп, мәдени әртүрлілікті паш етті.

2025 жылғы 7 шілдеде Қытайда өткен жиын барысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, ШЫҰ-ның мәдени диалогты дамыту мен гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы рөлін ерекше атап өтті.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу