Семейде «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі өтті
Семейде «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау және Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің басты мақсаты ақын мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау. «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада Абай аудандық мәдениет үйінің әншісі Таңнұр Қымбатұлы жастар арасындағы «Эстрадалық вокал» бөлімі бойынша «Алтын жүлдені» иеленді.
Оқи отырыңыз