Бірлік ауылында мектеп пен балабақша құрылысы аяқталуға жақын - Күршім ауданы
Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында 50 орындық балабақша мен жалпы білім беретін мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа білім ордасы 2025 жылдың қыркүйек айында есігін айқара ашады. Нысан көлемі — 1136 шаршы метр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа мектепте 1-9 сынып аралығында 40 бала білім алатын болса, мектепке дейінгі даярлық топта 15 бала тәрбиеленеді. Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Серік Ақсартовтың айтуынша, ескі мектеп ғимаратын бос қалдырмай, оны ауыл мәдени өміріне қажет нысанға айналдыру көзделуде.
Білім беру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар – ауылдың болашағына үлкен инвестиция. Бірлік ауылы үшін бұл нысан тек мектеп емес, болашаққа жол бастар ордаға айналмақ.
Фото: Екатерина Семина
Видео: Жәнібек Ырысбай





