ШҚО-да порнографиялық бейнероликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды
«Anti-Fraud» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде 9-15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы ПД қызметкерлері ақпараттық жүйелер саласында бұрын жасалған 6 қылмысты ашты.
7 күн ішінде ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел алдын алу іс-шарасы барысында 15 қылмыстың ізі кесілді, оның 12-сі интернет-алаяқтық фактісі болып шықты.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 11 қылмыс, сондай-ақ бұрын жасалған 33 қылмыс ашылды. Ғаламтор желілерінде мониторинг жүргізу нәтижесінде порнографиялық сипаттағы бейне роликтері бар 70 заңсыз сайт анықталды, - деп хабарлайлы ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады, ақшалай қаражатты бейтаныс адамдарға бермеуді, өзіңіздің банктік карталарыңыздың деректерін, сондай-ақ банктерден және ұялы операторлардан келіп түсетін құпиясөздер мен кодтарды ешкімге хабарламауды, сатып алуларды тауарды алғаннан кейін ғана төлеуді ескертеді.