KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
503.35 590.63 6.62

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтіп жатыр

Фото: pexels.com

25.07.2025, 13:30 267 Гульжан Мусина

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгерістер нәтижесінде ұрып-соғу мен жеңіл дене жарақатын салу қылмыстық құқықбұзушылықтар санатына жатқызылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты адам өлтіру мен зорлау үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.

Бүгінде полиция тарапынан жеке профилактикалық жұмыс жандандырылған. Қайталанатын зорлық-зомбылықтың қаупін алдын ала бағалау жүйесі іске қосылып, 6 200 отбасыға сауалнама жүргізілген. Соның ішінде 157 отбасы қауіп деңгейі жоғары деп танылып, тұрақты бақылауға алынды.

Ел бойынша полиция 70 дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс жүргізуде, олардың 54-інде жәбірленушілерге арналған баспана қарастырылған. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және онымен күреске маманданған бөлімшелер құрылып, олар жәбірленушілерді қорғаумен қатар, агрессорлармен де психокоррекциялық жұмыстар жүргізіп келеді.

Министрлік бұл бағыттағы шараларды жалғастырып, отбасындағы қауіпсіздік пен қоғамдағы тәртіпті нығайтуға басымдық беріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу