Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 5 адам қылымстық жауапкершілікке тартылған – Өскемен
Ағымдағы жылдың 8 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 5 адам қылымстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі. Өкінішке қарай мұндай жағдайларды әдеттегідей ашық айту қоғамда «қабылданбаған». Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қадір-қасиетін, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, әрбір адам өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқылы. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығына қарай заңда бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - дейді Өскемен қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануының алдын алу мақсатында қаланың жергілікті полиция қызметі тәуекел тобындағы тұлғалармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, қорғау нұсқамаларын шығарған.
Өкінішке орай, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны өзін қорғай отырып, денсаулығына тұрмыстық заттармен, мысалы, пышақпен зиян келтірген, соның салдарынан әлдеқайда «қайғылы» зардаптарға әкелген жағдайлар орын алған көрінеді.
- Ағымдағы жылдың 8 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 1400-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1500-ден астам қорғау нұсқамалары шығарылды. Қылмыстық жауапкершілікке 5 адам тартылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда дереу Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының «102» арнасына хабарласу керектігін есте ұстаған жөн, - дейді жауапты мамандар.