Өскеменде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр
Фото: pexels.com
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға көмек көрсету және осындай жағдайлардың алдын алу.
Акция аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлеріне заңды және психологиялық көмек көрсету ұйымдастырылады.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, төмендегі сенім телефондарына тәулік бойы хабарласа аласыз: 102 – Полиция басқармасының байланыс орталығы, 111 – Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық сенім телефоны, 150 – Психологиялық қолдау және жедел көмек қызметі.
Ержан Әбіш