Кәсіби мереке: Бүгін теміржол көлігі қызметкерлері күні
depositphotos.com
2025 жылдан бастап Қазақстанда тамыздың бірінші жексенбісі Теміржол көлігі қызметкерлері күні ретінде жеке мереке болып жарияланды. Бұған дейін теміржол саласы Көлік қызметкерлері күні аясында атап өтілетін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылғы тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлері күні. ҚТЖ ҰК басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады және теміржолшылардың транзиттік логистикалық рольге қосылған жауапты миссиясын атап өтті. Сонымен қатар еліміздің түпкір-түпкірінен үздік қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды. Qazaqstan телеарнасы мәліметінше, шамамен 1 500 адам марапатқа ие болып, 100-ден астамы мемлекеттік награда алған.
Жыл басынан бері Қазақстанда теміржол арқылы 9,5 млн жолаушы тасымалданған.
Қазақстанның жалпы теміржол саласындағы жүк пен жолаушылар тасымалы тұрақты түрде өсіп келеді, ал Шығыс Қазақстан бұл өсімде алдыңғы қатарда. Әсіресе пандемиядан кейінгі қалпына келтіру мен даму кезеңінде теміржолшылардың рөлі айрықша маңызды болды.