Пойызбен жолаушы тасымалдаушыларға субсидия беру тәртібі күшейеді
t.me/kolikpress
Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтпек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, пойыздардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді.
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тұрақты 110 пойыз қатынайды. Жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын қатаң сақтау комитет назарында.
Осы орайда айта кеткен жөн, жаз соңына дейін жауапты комитет қызметкерлері кесте бойынша жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізеді.