Жыл соңына дейін Күршімде тағы 14 үй пайдалануға беріледі
depositphotos.com
2024 жылы Күршім ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көп балалы және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 30 үй сатып алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл ауылдарда тағы 14 бір қабатты тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының әкіміне жыл соңына дейін аталған үйлердің құрылысын толық аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Анықтама: 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданда тұрғын үй кезегінде 260 азамат тұр. Оның ішінде: жетім балалар – 18, халықтың әлеуметтік осал топтары – 125, көп балалы отбасылар – 38, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 2, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 77 адам.