Бір қабатты Шығыс: биыл 316 тұрғын үй сатып алынбақ
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Шығыс Қазақстан облысы – баспана құрылысы қарқынды жүріп жатқан өңірлердің бірі.
Биыл «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында облыстағы аз қамтылған көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 316 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстағы құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен құны 175 миллиард теңге болатын 858 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 7 693 пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде 83-і көпқабатты үй бар. Атап айтсақ, 18 кредиттік үй - Өскемен қаласы мен Глубокое ауданында, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 60 пәтерлі 1 үй - Риддер қаласында, 64 коммерциялық үй -Өскемен, Риддер қалалары мен Зайсан ауданында.
Осы жылдың 10 айында 216,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Автор: Айжанат Бақытқызы